ҚАЗАҚСТАН-ИРАН ІСКЕРЛІК КЕҢЕСІ...

Иран Ислам Республикасының Президенті Х. Руханидің Астана қаласына алдағы сапары шеңберінде «Бәйтере...

22.12.2016

толығырақ>>

Экспортты дамыту мен жылжыту

  • «Қазақстанның экспорттық өнімі» анықтамалығы

    «Қазақстанның экспорттық өнімі» анықтамалығы

    «KAZNEX INVEST» АҚ Қазақстаннан тыс жердегі әлеуетті сатып алушыларды сіздің экспортталатын немесе экспорттауға болатын тауарларыңыз туралы ақпаратпен таныстыру үшін «Қазақстанның экспорттық өнімі» анықтамалығына шығаруды ұсынады. Анықтамалық орыс және ағылшын тілдерінде, қағаздай және электронды түрде шығарылады.

    «Қазақстанның экспорттық өнімі» анықтамалығы 35 елде таратылады.

    к_informaciya_o_produkc.jpg

    Сіздің тауарыңыз туралы ақпаратты «Қазақстанның экспорттық өнімі» анықтамалығына енгізу үшін сәйкес өтінімді толтырыңыз, қосымша сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Экспортты дамыту департаментінің жетекші маманы Айгүл Избановамен тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1091), электрондық адресі: izbanova@kaznexinvest.kz хабарласыңыз.

    ×
  • «Экспорт жолсілтемесі» анықтамалығы

    «Экспорт жолсілтемесі» анықтамалығы

    «KAZNEX INVEST» АҚ шетелдегі импортты реттеу, кедендік ресімдеу талаптары, салықтық әкімшілік, техникалық және валюталық реттеу, сонымен қатар экспорттық тиімді бағдарлар туралы ақпаратты қамтитын «Экспорт жолсілтемесі» анықтамалығын шығарады.

    Қосымша сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Экспортық талдау департаментінің жетекші маманы Ольга Нужновамен тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1018), электрондық адресі: nuzhnova@kaznexinvest.kz хабарласыңыз.

    ×
  • Нұсқаулық материалдар «Экспорттаушыға көмек»

    Нұсқаулық материалдар «Экспорттаушыға көмек»

    Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің тапсырына сәйкес «KAZNEX INVEST» АҚ жыл сайын 7 тақырып бойынша «Экспорттаушыға көмек» нұсқаулық материалдарын басып шығарады. 
    Нұсқаулық матиалдардың негізгі мақсаты қазақстандық шикізаттық емес тауар өндірушілердің экспорттық қабілеттілігін көтеру және дамыту болып табылады. Нұсқаулық материалдар оңай және қолжетімді тілде жазылып, оқырманға экспорттың кез-келген саласына байланысты сұрақтарға жауап табуға көмектеседі. 

    «Экспорттаушыға көмек» тегін таратылады. Бұл басылымдарды Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 25, «Аңсар» бизнес орталығы, 2-этаж адресінде ала аласыздар. 
    Алдын ала өтінімді толтырып басылымдарды алу жөнінде, қосымша сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Экспортты дамыту департаментінің менеджері Дана Андабаевамен тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1076), электрондық адресі: andabayeva@kaznexinvest.kz хабарласыңыз. 

    Сонымен бірге, оқырмандарды басылым тақырыбы, мазмұны, бойынша өз пікірлері мен ұсыныстырын басылып шығарылатын «Экспорттаушыға көмек» нұсқаулық материалдарының тиімділігін арттыру сауалнамасында білдіруге шақырамыз. Пікірлер мен ұсыныстарды andabayeva@kaznexinvest.kz электрондық адресіне жіберулеріңізді өтінеміз.

    ×
  • Кәсіпкерлерді экспорттық қызмеке оқыту

    Кәсіпкерлерді экспорттық қызмеке оқыту

    Тренингтердің мақсаты отандық кәсіпорын мамандарын сырқы экономика стратегиясы, стратегияны жасау мен практикалық диагностиканы жасау, өз кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін дамыту мүмкіндіктерін бағалау ерекшеліктеріне оқытады.
    Тренингтер Қазақстан территориясында тегін негізде жүргізіледі. 

    Мақсатты аудитория – компаниялардың мамандары мен менеджерлері, сыртқы экономикалық қызмет саласында шешім қабылдайтын: импорт және экспорт бойынша мамандар, сыртқы экономикалық қызметті жоспарлау, тауар өндіруді жоспарлау, жарнама бойынша менеджерлер, маркетологтар, көрмелер ұйымдастыратын, тауар белгісін жасайтын мамандар, компанияны дамыту мен жылжыту бойынша менеджерлер, жетекші инженерлер, өндіріс меңгерушілері, қызметкерлермен жұмыс бойынша менеджер және т.б.

    2010 мен 2013 жж. Аралығында 200-ден астам қазақстандық мамандар экспорттық қызметтер сұрақтары бойынша оқудан өтті. 
    Қазақстандық кәсіпорындар экспорттық қызмет аясында кездесетін мәселелерді талдау, нормативтік-құқықтық базасын талдау және ҚР экономикалық даму бағдарламалары негізінде экспортқа бағытталған кәсіпорын мамандарына арналған «Экспорт қадам сайын» курс бағдарламасының құрылымы айқындалды. 

    Оқыту курсы халықаралық менеджмент пен халықаралық маркетинг негізінде эксперимент жүзінде өткізіледі, яғни халықаралық бизнесті дамыту бойынша сұрақтар бойынша талқылаулар. 
    Оқу қортындысын мониторинг тестілеу түрде өткізіледі, осының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар беріледі. 

    Сіздерді өтінімді толтырып, оны факс арқылы +7 (7172) 91 90 50 нөміріне жіберіп, оқу тренингтеріне қатысуға шақырамыз, басқа да сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Ақпаратпен қамтамасыз ету департаментінің менеджері Роза Булинбаевамен тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1056), электрондық адресі: bulinbaeva @kaznexinvest.kz хабарласыңыз.

    ×
  • Қазақстандық өндіруші кәсіпорындарға оқу турларын ұйымдастыру

    Қазақстандық өндіруші кәсіпорындарға оқу турларын ұйымдастыру

    «KAZNEX INVEST» АҚ кәсіпорындардың жетекшілері мен қазақстандық экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың орта буын менеджерлерінің жетекші шетелдік экспорттық кәсіпорындарға сапарын ұйымдастырады. Бұл сапарлардың мақсаты шетелдік серіктестермен тікелей байланыс орнатып және олардың тәжірибесін қазақстандық кәсіпорындарға қолдану.
    Оқу турларын ұйымдастыру экспортты басқару саласындағы кадрлардің білімін арттыруға, сонымен бірге алынған біліктілікті қазақстандық кәсіпорындарға ендіруге бағытталған. 

    к_fin_or1.jpg

    Қосымша сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ Ақпаратпен қамтамасыз ету департаментінің менеджері Роза Булинбаевамен тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1056), электрондық адресі: bulinbaeva@kaznexinvest.kz хабарласыңыз.

    ×
  • Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарын өтеу

    Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарын өтеу

    «KAZNEX INVEST» АҚ индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне өңделген өнімін сыртқы нарықтарға шығаруға байланысты шығындарының бір бөлігін өтеуді көздейді. Шығындарды ішінара өтеу арқылы экспортты дамыту үдемелі индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі болып табылатын «Экспорт-2020» бағдарламасы аясында іске асырылуда.
    Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне отандық тауарларды сыртқы нарыққа шығару барысында болған шығындардың 50% өтеу арқылы қолдау көрсетіледі.
    Шығындар ақысыз қайтарылады!
    Өтеуге жататын шығындар түрлері:
    1) нақты тауарды, қызметті сырқы нарыққа жылжытумен (брендинг) байланысты шығындар: 
    – отандық тауарлар жарнамасы: жарнамалық кампанияларға және шет елде БАҚ арқылы жарнама (баспалық, теледидарлық, радио, интернет), сонымен бірге қоғамдық орындарда (баннерлер, аудио-бейнероликтерді дайындау және трансляциялау);
    – шетелдік көрмелерге қатысу: тіркеу жарнасына шығындар; көрмелік ауданды жалдау; көрмелік стендтер дайындау (жалдау); жарнама-таратпалық материалдарды дайындау; көрмеге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің 2 қызметкеріне эконом класпен ұшу; көрмеге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің 2 қызметкеріне тұру, отандық өңделген таурларды сыртқы нарыққа жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарын өтеудің 1 Ережесінде көрсетілген шектелген сомадан аспайтын және 5 күннен артық емес.
    – каталогты жасау және басып шығару: шет елдерде таратуға арналған мамандандырылған катаолгты жасаумен, шет тілдеріне аударумен, басып шығарумен байланысты шығындар;
    – өкілдікті, офисті, қойма, шоу-бөлме, шет елдегі сату бөлімдерін ашу, ұстау: өкілдікті тіркеу шығындары, ауданды/орынды жалдау ақысын төлеу және коммуналдық шығындар;
    2) ҚР және/ немесе импортер-мемлекет заңнамасының экспорттық контрактының талаптарына сәйкес қарастырылған процедуралар жүргізу шығындары, шет елге экспортталатын тауар белгісін тіркеу және өнімді сертификациялаумен байланысты шығындар, өнімді шет елде сертификациялаумен байланысты шығындар, сәйкестендіру сертификациясы мен фитосанитарлық сертификациялау.
    3) экспортты басқару сферасындағы қызметкерлерді оқыту шығындары, оның ішінде экспортқа бағдарланған өнімдер саласында, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шетелдік эксперт-консультанттарды шақыру; қызметкерлердің шет елде оқулары шағандарын өтеу (машықтану, семинарлар, курстар);
    4) франшизаны тарту: франшизаны сатып алу; 
    5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің интернет-ресурсын іске қосуға шығындар: – интернет-ресурсты жасау, тіркеу, сүйемелдеу бойынша шығындар,
    6) маркетингтік зерттеулер қызметі бойынша шығындар: Экспорт еліне қатысты нақты өнім, нақты елді зерттеу бойынша шығындар, сыртқы нарыққа шығуға бірінші үш жылға арналған шаралар жоспары бар қосымшасымен индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің экспорттық стратегиясын дайындаумен байланысты шығындар.
    Маңызды! Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындар ҚҚС пен акцизсіз өтеледі.
    Өтініш берушіге талаптар мен қажетті құжаттардың тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 2 тамызында шыққан №1017 қаулысына сәйкес анықталған.

    Осы бғдарламаға қатысу үшін толығырақ ақпаратты алу үшін «KAZNEX INVEST» АҚ Экспорттық гранттар департаментінің директоры Мұхит Шыназаровқа тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1043), электрондық адресі: shynazarov@kaznexinvest.kz, менеджерлері: Ләззат Баймұрзинаға тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1044), электрондық адресі: baimurzina@kaznexinvest.kz және Айнұр Түлеубековаға тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1007) электрондық адресі: tuleubekova@kaznexinvest.kz бойынша хабарласыңыз. 

    ×
  • «Экспортқа бағдарлану» идеологиясын қалыптастыру

    «Экспортқа бағдарлану» идеологиясын қалыптастыру

    Мемлекеттің экспортты дамытудағы міндеттерінің бірі – отандық кәсіпкерлік арасында сыртқы нарыққа шығу идеясын белсенді насихаттау, сыртқы сауда байланыстарын кеңейтудің маңыздылығы мен қажеттілігін көрсету болып табылады. Осыған орай, KAZNEX INVEST «экспортқа бағдарлану» идеологиясын қалыптастыру және Қазақстанды жоғары сапалы дайын өнімді экспорттаушы елге айналдыру ұлттық идеясын енгізу бойынша жұмыстар жүргізеді.
    Басылымдарда, теледидарлық сюжеттерде, ақпараттық порталдардағы жаңалықтарда жарияланну себептері:
    1) «KAZNEX INVEST» АҚ экспортты дамытк және жылжыту қызметтері туралы баспасөз релиздері;
    2) «KAZNEX INVEST» АҚ ресми интернет-ресурсіндегі жаңалықтар;
    3) БАҚ-пен басқа да жұмыстар (басшылықпен интервью, өткізілген шараларға комментариялар т.б.);
    4) Қазақстандық БАҚ өкілдерінің экспортты жылжыту бойынша шетелдік шараларға қатысуы.
    Экспорттық бағдарлану идеологиясын жасау бойынша жұмыстар жалғасын тауып, экспортты мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық бейнероликтер концепциясы жасалған. Бұл роликтің басты идеясы отандық бизнеске сыртқы нарыққа шығудың маңыздылығын, еліміздің қолдау көрсетуге дайындығын көрсету. 
    «KAZNEX INVEST» АҚ жылына 4 рет «Exporter» мамандандырылған журналын қазақ және орыс тілінде басып шығарылады. 
    Қосымша сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің менеджері Айжан Рашеваға тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1027), электрондық адресі: rasheva@kaznexinvest.kz хабарласыңыз.

    ×
  • Қазақстандық тауарлардың экспорттық қаптамасын дамыту

    Қазақстандық тауарлардың экспорттық қаптамасын дамыту

    Экспортты дамыту аясында кәсіпорындарымен жұмыс жасаудың тағы бір бағыты экспорттық қаптауды дамыту болып табылады. Қаптау, тауардың бәсекеге қабілеттілігінің ажырамас элементі ретінде оның сапасына, қауіпсіздігіне, сақталуына және тауарлық түріне әсер етеді. Қазақстанды қаптау нарығын дамыту қазақстандық экспорттың табысқа жетуінің тағы бір қадамы болып табылады. 

    Сыртқы нарыққа экспортталатын Қазақстанда қаптау тауардың маңызды бөлігі, «KAZNEX INVEST» АҚ осы бағытты дамыту қолдайды:

    - кәсіпорындарды оқыту және қаптаманы қолданушылар (семинар);
    - өндірістік стажировканы шетелде ұйымдастыру;
    - дөңгелек үстелдер мен конференцияларды ұйымдастыру;
    - қаптамамен айналысатын қазақстандық кәсіпорындар; 
    - қаптамалық саланың көрмелік шаралар тізімі; 
    - қаптама бойынша жаңалықтар дайджесті «KZ Pack». 

    2010 мен 2013 жж аралығында қаптау индустриясын дамыту сұрақтарымен айналысатын қазақстандық мамандарға 7 оқу семинарлары, 3 конференция және 4 дөңгелек үстелдер шетелде және Қазақстанда ұйымдастырылды.

    Қосымша сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ Экспортты дамыту департаментінің жетекші мамандары Айгүл Избанова мен Арай Бермухамедовке тел:. +7 (7172) 91 90 40 (іш.1091, 1090), электрондық адрестері: izbanova@kaznexinvest.kz, bermukhamedov@kaznexinvest.kz

    ×
  • Сауда миссиялары

    Сауда миссиялары

    Қазақстандық экспорттаушылар мен әлеуетті шетелдік сатып алушылар (нақты елдер бойынша) арасындағы тікелей байланыстарды орнатуға жәрдемдесу мақсатында, шетелдік нарыққа талдау жүргізу негізінде және экспортқа шығуға қызығушылық танытқан отандық кәсіпкерлердің өтініштері бойынша қалыптастырылатын шет елдерде сауда миссиялары өткізіліп тұрады. Сауда миссиялары бизнес-форум түрінде екі елдің мемлекеттік органдарының өкілдері, қазақстандық өндірушілер мен шетелдік импортерлер қатысуымен өткізіледі.
    «KAZNEX INVEST» АҚ жыл сайын 6-дан кем емес сауда миссиясын 6 шетелдік мемлекетте өткізеді. 2010 мен 2013 жж. аралығында 24 сауда миссиясы 13 шетелдік мемлекетте ұйымдастырылды:
    •      Әзірбайжан;
    •      Беларусь;
    •      Грузия;
    •      Индия;
    •      Иран;
    •      Қытай;
    •      Қырғызстан;
    •      Польша;
    •      Ресей;
    •      Румыния;
    •      Тәжікстан;
    •      Түркіменстан;
    •      Украина. 
    к_chastit_fin2.jpg
    Қатысушылар жолақысы мен визаны ресумдеу шығындарын өз мойындарына алады. 
    Сіздерді өтінімді толтырып, оны факс арқылы +7 (7172) 91 90 50 нөміріне жіберіп, сауда миссияларына қатысуға шақырамыз, басқа да сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Экспортты жылжыту бойынша басқарушы директор қызметінің менеджері Айсұлу Сұлтанмұратоваға тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1003) немесе +7 702 422 01 10, электрондық адрестері: aisulu@kaznexinvest.kz және aisulu_22@mail.ru хабарласыңыз.

    ×
  • Шетелдік мамандандырылған көрмелерге қатысу

    Шетелдік мамандандырылған көрмелерге қатысу

    Шет елдерде өтетін арнайы көрмелерге қазақстандық кәсіпорындардың қатысуын ұйымдастыру экспортты мемлекеттік қолдаудың маңызды құралы болып табылады, онда отандық компаниялар қысқа уақыт аралығында көптеген әлеуетті шетелдік сатып алушылар назарына өздерінің өнімдерін ұсына алады, сонымен қатар жаңа клиентер тауып және бар клиенттермен серіктестікті нығайтуға, бизнесті дамыту үшін жаңа серіктестер табуға, бәсекелестердің талдауын жасауға, қоғамдық байланысты кеңейтуге мүмкіндік алады.
    2010-2013 жж. аралығында «KAZNEX INVEST» АҚ 133 тамақ, фармацевтикалық, электротехникалық, тоқыма, мұнай-газ, машинақұрылыс, құрылыс, қаптау, металлургиялық, химиялық саладағы отандық кәсіпорындардың 82 халықаралық мамандандырылған көрмелерде қатысуын ұйымдастырды.
    Осылайша, отандық компаниялардың шетелдік көрмелерде қатысу қорытындылары бойынша келесі елдерге: Ресей, Белорусь, Өзбекстан, Түркіменстан, Монғолия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, сонымен қатар Аустрия мен Францияға өңделен өнімдерді жеткізу туралы экспорттық келісім-шарттар, ниет хаттамалары мен ынтымақтастық жөнінде меморандумдар жасалады.

    к_chastit_fin3.jpg

    Көрмелер қазақстандық бизнес қажеттілігін тиянақты зерделеу негізінде, әсіресе, елдер, мамандану саласы, маусымдық мезгіл және көлемі бойынша таңдап алынады. Қажет болған жағдайда «KAZNEX INVEST» АҚ кәсіпорындардың қалауы бойынша көрмені таңдайды. Көрмелер күнтізбесін мына жерде қарауға болады.
    Қосымша сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Экспортты жылжыту бойынша басқарушы директор қызметінің менеджері Дана Досқажановаға тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1068), электрондық адресі: doskazhanova@kaznexinvest.kz хабарласыңыз. 

    ×
  • Тауар белгілерін жылжыту

    Тауар белгілерін жылжыту

    «KAZNEX INVEST» АҚ өңделген тауарлардың қазақстандық брендтерін әлемдік нарыққа шығару үшін оларды жасау және жылжыту жұмыстарын жүргізеді.
    Шетелде тауар белгілерін таныстыру іс-шаралары өткізіледі, шетелдік салалық немесе ресми БАҚ-тарда қазақстандық бренд болып табылатын жоғары сапалы өнімдер туралы имидждік мақалалар жарияланады, әлеуетті шетелдік сатып алушылар үшін таныстыру бейнероликтері дайындалып ұсынылады, өнімдер каталогтары әзірленіп таратылады, отандық өндірушілердің әлеуетті шетелдік сатып алушылармен, трейдерлік желілермен, көтерме-сауда орталықтарымен келіссөздері ұйымдастырылады. 
    2010 мен 2013 жж. аралығында «KAZNEX INVEST» АҚ 123 тауар белгілерін жылжыту бойынша 80-ге жуық жарнамалық-таныстырылымдық шаралар ұйымдастырылды.

    к_fin_meropr4.jpg
    Қосымша сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Экспортты жылжыту бойынша басқарушы директор қызметінің жетекші маманы Мади Исекеевке тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1060), электрондық адресі: issekeyev@kaznexinvest.kz хабарласыңыз.

    ×
  • Бірыңғай ұлттық стенд

    Бірыңғай ұлттық стенд

    Бірыңғай ұлттық стенд ұлттық экспортты жылжытудың тиімді құралдарының бірі болып табылады. Бұл ірі халықаралық, мамандандырылған көрмелерде қазақстандық белгілі бір саланың бәсекеге қабілетті өндірушілерінің өнімдерін/қызметтерін көрсететін ұжымдық таныстыру түріндегі имидждік шара. Қазақстандық өнімдердің танымалдығын арттыру үшін ұйымдастырылатын бірыңғай ұлттық стендте дайындалған «қолшатырлық» брендтер: «ENGINEER Durable» (металлургия и машинақұрылыс), «WEAR Comfortable» (тоқыма және жеңіл өнеркәсіп), «EAT Ecological/Bio» (тамақ өнеркәсібі); «Heal natural» (фито-өнеркәсібі және фарминдустрия). 
    Қазақстандық экспортты қолдаудың бұл құралды жүзеге асыруы қазақстандық өнімнің шет елдерде танымалдығын арттырады; шетелдік импортерлериен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді; қазақстандық тауарлардың шетелдік нарыққа жеткізілімдер артады. 
    Механизм: «KAZNEX INVEST» АҚ конолидатор ролін өз мойнына алады, нақтылап айтқанда көрме ұйымдастырушылардан керекті алаңды сатып алып, қазақстандық өндірушілерге бірыңғай ұлттық стендте қатысуды ұсынады. 
    2012 және 2013 жж. аралығында 7 бірыңғай ұлттық стенд форматында жасалған көрмелерде 38 отандық кәсіпорындар 4 елде қатысты: Ресей, Қытай, Германия, Түркіменстан.

    к_chastit_fin5.jpg

    Қосымша сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Экспортты жылжыту бойынша басқарушы директор қызметінің жетекші маманы Вячеслав Любарецке тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1045), электрондық адресі: lyubarec@kaznexinvest.kz хабарласыңыз.

    ×
  • Гуманитарлық сатып алуларды жылжыту

    Гуманитарлық сатып алуларды жылжыту

    Гуманитарлық ұйымдар нысаналы мақсатына қарай азық-түліктен бастап машина жасау бұйымдарына дейін тауарлардың түрі-түріне ие болып отыр. Гуманитарлық жеткізілімдер нарығының жыл сайынғы айналымы ондаған миллиард АҚШ долларына бағаланып, сол арқылы қазақстандық кәсіпорындар үшін үлкен мүмкіндіктер ұсынып отыр. Бұл нарықтың көлемдігі әлеуеті бар қазақстандық кәсіпорындар үшін зор мүмкіндіктер туғызады. 
    Гуманитарлық ұйымдар маңыздылығына қарай тамақтан бастап машинақұрылыстық бұйымдарға дейін үлкен тауар ассортиментіне ие. Қазақстандық кәсіпорындардың осы нарыққа белсенді қатысуы болашақта халықаралық нарыққа шығудың өздігінше бастауы болып табылады. 
    2010-2013 жж. аралығында 60 қазақстандық өндірушілер БҰҰ-ның гуманитарлық сатып алуына әлеуетті жабдықтаушылар ретінде тіркелген, 18 қазақстандық кәсіпорындар гуманитарлық ұйымдарға таныстырылған, 60 компания гуманитарлық сатып алу нарығына жылжытылған – өнімдер: ұн, күнбағыс майы, медицинаға арналған бұйымдар, көрпелер, төсек-орын жабдықтары. 
    Гуманитарлық қызмет нарығына шығуда сүйемелдеу бойынша толық қызметтер жиынтығы:

    к_AO_kazn6.jpg
    Қосымша сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Алматыдағы өкілдігінің директоры Сәбит Нәрбаевке тел.: +7 (727) 2 590 690, электрондық адресі: narbayev@kaznexinvest.kz хабарласыңыз.

    ×
  • Ұлттық интерактивті-ақпараттық ресурс

    Ұлттық интерактивті-ақпараттық ресурс

    «KAZNEX INVEST» АҚ Австралия, Ресей, Жапония, Корея, Малайзия елдерінің жетекші халықаралық сауда ұйымдарының тәжірибесін зерттеді, бұл ұйымдар отандық өндірушілерге интерактивті интернет-ресурсты қолдануға көмектесіп, өзекті және анық ақпаратпен қамтамасыз етеді. 
    Порталды қолданушылар үшін артықшылық:
    Порталды қолданушылар бір көзден маңызды және нақты талдамалық әлеуетті өтім нарықтары, оларға кіру шарттары, экспортты мемлекеттік қолдау шаралары, шетелдік тендерлер, шетелдік шаралар және т.б. бойынша ақпартты ала алады.
    Қазақстандық сыртқы экономикалық шараларға қатысушыларға экспортты шетелдік мемлекетте жүзеге асыру шарттары туралы, әсіресе еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, кәсіпкерлік қызметті жүргізудің нормалары мен ережелері, нарыққа шығу және т.б. қазақстандық экспортерлерге қажетті ақпараты таратады. 
    Экспортерлер кабинеті: тіркелген қолданушы онлайн режимде шараларға қатысуға өтінім жіберу, қатысу бойынша есеп беру, консультация алу, шетелдік жеткізілім нарығы бойынша ақпарат алу, мемлекеттік қолдау, өз тауары туралы ақпарат орналастыру.
    Шетелдік серіктестер үшін – қазақстандық экспортерлер мен өндірушілер базасына кіру мүмкіндігі, қызықтырған қазақстандық тауар бойынша өтінімді толтыру мүмкіндігі.
    Таурлар мен қызметтерді шетелдік нарыққа жылжыту бойынша ақпараттық қолдау (отандық кәсіпорындар мен шетелдік тұтынушылардан экспорттық ұсыныстарды, өтінімдер мен тендерлерді жинау және талдау).
    Қосымша сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры Аида Бапаховаға тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1080), электрондық адресі: bapakhova@kaznexinvest.kz хабарласыңыз.

    ×
  • Бриф-талдамалар

    Бриф-талдамалар

    Бриф-талдаулар/тауар топтарына салалық шолулар – шетелдік нарықтарда нақты тауарлар арқылы сауданы дамытудың негізгі параметрлерін қамтитын және отандық тауар өндірушілердің өнімдерін ілгерілету үшін әлеуетті нарықтарды айқындайтын қысқаша маркетингтік зерттеулер. Жасалған шолулар қазақстандық кәсіпкер-экспорттаушыларға әлемдік сұраныс пен ұсыныс есебімен негізгі бағыттарыды айқындауға көмектеседі.

    Шолу түрінде ұсынылған ақпарат экспорттаушыларға өздерінің экспорттық стратегияларын әзірлеуге немесе тиімді етуге, өз қызметінің сапасын жақсартуға пайдалы.
    2013 жылы төрт сала бойынша (тамақ, химия, металлургия және машина жасау) 16 тауарға қатысты салалық шолулар дайындалды.

    Қосымша сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Экспортты талдау департаментінің жетекші маманы Динара Амалбековамен тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1075), электрондық адресі: amalbekova@kaznexinvest.kz хабарласыңыз.

    ×
  • Елдік шолулар

    Елдік шолулар

    Елдік шолуларда (Қазақстан Республикасы мен серіктес ел арасындағы екіжақты сауда жағдайын шолу, экспортты кеңейту үшін әлеуетті тауарларды анықтау) серіктес елдегі ағымдағы экономикалық жағдай туралы ақпарат, сол елде сұранысқа ие негізгі импорттық тауарлар тізімі туралы ақпаратты ұсынады, бұл өз кезегінде қазақстандық экспортқа әлеуетті нарықты анықтауға, сыртқы сауда қызметінің тарифтік және тарифсіз реттеу шараларынан тұратын нарыққа кіру шарттары туралы ақпаратты алуға көмектеседі.

    Қосымша сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Экспортық талдау департаментінің жетекші маманы Ольга Нужновамен тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1018), электрондық адресі: nuzhnova@kaznexinvest.kz хабарласыңыз.

    ×
  • Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі сауда үрдістерінің талдауы

    Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі сауда үрдістерінің талдауы

    Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі сауда үрдістерінің талдамалық басылымның мақсаты – сауда тиімділігінің индексі (Trade Performance Index) арқылы әлемдік сауданың және Қазақстан Республикасында сыртқы сауданың тенденцияларын бағалау болып табылады. TPI индексі қазақстандық экспорттың жай-күйін және әлемдік саудадағы елдің алатын орнын, тауарлық және географиялық әртараптандыруды көрсетеді: таза экспорттың көлемі, халық санына шаққандағы экспорт, ҚР экспортының әлемдік нарықтағы үлесі, тауарлар және тұтыну нарығы бойынша экспорттың шоғырландырылу дәрежесі. Басылым мемлекеттік басқару органдарына, Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріне, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет саласындағы мамандарға арналған. Басылым 2 жылда 1 рет шығарылады. 

    Қосымша сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Экспортық талдау департаментінің менеджері Наркес Алпысбаевамен тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1092), электрондық адресі: alpysbaeva@kaznexinvest.kz хабарласыңыз.

    ×
  • Әлемдік сұраныс негізінде әлеуеттік экспорттық тауашаларына салалық шолулар жасау

    Әлемдік сұраныс негізінде әлеуеттік экспорттық тауашаларына салалық шолулар жасау

    Салалық шолулар (тауарлар) – бұл әлемдік сұраныс негізінде әлеуетті экспорттық текшелер бойынша тауарлар топтарына арналған тармақсатты салалық талдамалар, бұл нақты нарықтар тартымдылығы, нарыққа кіру шарттары, өткізілетін шаралар мен көрмелер туралы ақпараттар.
    2010-2013 жж. аралығында 77 тауарлық позициялары бойынша 40-тан астам әлеуетті және мақсатты нарық бойынша 65 бриф-талдаулар дайындалды.
    - Химиялық сала;
    - Тамақ;
    -Машинақұрылыс саласы;
    -Металл саласы.
    Қосымша сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Экспортты талдау департаментінің директоры Қанат Қожамқұловқа тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1012), электрондық адресі: kozhamkulov@kaznexinvest.kz хабарласыңыз.
    Қызмет көрсету саласына шолу – нақты қызмет көрсету түрлерін экспорттау үшін әлеуетті нарықтарды зерттеу. Шолу түрінде ұсынылған ақпарат қызмет көрсетуші және әлеуетті экспорттаушыларға өздерінің экспорттық тауашасын таңдауда пайдалы болуы мүмкін.
    2013 жылы мынадай қызмет түрлерін экспорттауға арналған әлеуетті нарықтардың бес шолуы дайындалды: туристік, құрылыс, бағдарламалық қамтымды әзірлеу және/немесе енгізу бойынша қызмет көрсетулер, логистикалық және геологиялық барлау.
    Қосымша сұрақтар бойынша «KAZNEX INVEST» АҚ-ның Экспортты талдау департаментінің жетекші маманы Динара Амалбековамен тел.: +7 (7172) 91 90 40 (іш.1075), электрондық адресі: amalbekova@kaznexinvest.kz хабарласыңыз.

    ×